Қазақстанда коронавирустан тағы 11 адам көз жұмды

/image/2021/12/11/crop-192_15_530x707_1fa44def-9f20-43d7-b295-bf67fd9529e6.webp

Денсаулық сақтау министрлігі 11 желтоқсан күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 568 адамнан коронавирус, 66 адамнан пневмония анықталған. 9 желтоқсанда 9 адам коронавирустан, 2 адам пневмониядан көз жұмған.

11 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 21 364 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 4 184 пациент стационарда, 17 180 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 326 адамның жағдайы ауыр, 87 пациенттің жағдайы өте ауыр, 63 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстары "Сары" аймақта.

"Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

11 желтоқсандағы мәлімет бойынша 8 846 068 адам вакцинаның I компонентін, 8 277 848 адам II компонентін салдырған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар