Алматыда Абай даңғылының батыс бағытқа қарай ұзартылып жатқан тұсы пайдалануға берілді, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Абай даңғылында Наурызбай ауданының әкімшілік орталығында Момышұлы көшесінен Алатау көшесіне дейін ұзындығы 3,5 км учаскенің құрылысы аяқталуға жақын. Екі бағыт бойынша алты жолақ қарастырылған.
"Әшімов көшесінің үстінен 400 метрлік эстакада салынды, оның қозғалысын айдың соңына дейін ашу жоспарлануда. Бұл телімде бағдаршаммен реттелетін уақытша қозғалысының сызбасы ұйымдастырылған. Абай даңғылын ұзарту жобасын іске асыру барысында Қарғалы өзені арқылы да көпір салынды" делінген ақпараттық хабарламада.
Сондай-ақ Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы жолайрық ашылды.
Баспасөз қызметі салынып жатқан Б. Момышұлы метро станциясын әрлеу аяқталып, жабдықтарды іске қосу-жөндеу жүргізіліп жатқанын мәлім етті. Жыл соңына дейін Б. Момышұлы және Сарыарқа станцияларын техникалық іске қосу жоспарланып отыр.
Пікір қалдыру