Денсаулық сақтау министрлігі 14 желтоқсан күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 488 адамнан коронавирус, 68 адамнан пневмония анықталған. 13 желтоқсанда 11 адам коронавирустан, 3 адам пневмониядан көз жұмған.
15 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 20 376 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 3 786 пациент стационарда, 16 590 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандар арасында 308 адамның жағдайы ауыр, 80 пациенттің жағдайы өте ауыр, 65 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары "Сары" аймақта.
"Жасыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.
15 желтоқсандағы мәлімет бойынша 8 875 273 адам вакцинаның I компонентін, 8 323 469 адам II компонентін салдырған.
Пікір қалдыру