Қытай АҚШ шенеуніктеріне сакнция жариялады. Бейжіңнің Шыңжаңдағы қазақ, ұйғыр сияқты азшылыққа жүргізген саясатына қарсы Вашингтон санкциялар жариялаған. Көп өтпей АҚШ діни бостандықты бақылайтын үкіметтік комиссиясының төрт мүшесіне Бейжің санкция жариялады.
Сейсенбі күнгі кезекті баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзян Америка Құрама Штаттарының Халықаралық діни бостандық жөніндегі комиссиясының төрайымы Надин Маенза, төраға орынбасары Нури Туркел және комиссия мүшелері Анурима Бхаргава мен Джеймс Каррге санкция салынғанын мәлімдеді.
Комиссия Құрама Штаттардан тыс жерлерде діни сенім бостандығын бақылайды және президентке, мемлекеттік хатшыға және Конгресске саяси ұсыныстар жасайды.
Пікір қалдыру