Мемлекеттік қызметшілерге ішінара қосымша табыс табуға рұхсат берілуі мүмкін

/image/2021/12/27/crop-15_8_697x1239_shutterstock_744798148.jpg
Заңнамаға мемлекеттік қызметшіге жұмыстан тыс уақытта қосымша табыс табуға рұқсат беретін норма енгізілмек. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

– Бүгінгі күні заңнамада мемлекетік қызметшіге қосымша жұмыспен айналысуға рұқсат беретін норма жоқ. Бірақ біз болашақта заңға енгізуді ойластырып жатырмыз. Яғни жұмыстан бос кезінде қосымша жұмыспен айналысуға болады деп кіргіземіз. Дәл қазір заңнамада бұл жоқ. Бірақ біз дайындап жатырмыз, – деді агенттік басшысы.

Ол мемлекеттік қызметші жұмыстан тыс уақытта кәсіпкерлікке жатпайтын қызмет түрлерін ұсыну арқылы табыс таба алуға тиіс деп санайды.

– Неліктен оларға қосымша жұмыс істеуге болмайды? Болады. Бірақ кәсіпкерлікпен емес. Мысалы, жұмыстан бос кезінде таксист болып жұмыс істеуге болады деген сияқты. Отбасын асырауға қосымша қаражат керек болса, соған рұқсат беретіндей заңнамалық өзгерістер дайындап жатырмыз. Бірақ ол әлі қабылданған жоқ. Ал кәсіпкерлікпен айналысуға болмайды, – деді Анар Жайылғанова.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы заңының 1-тарау 13-бабы 3-бөлігіне сай, мемлекеттік қызметші ге кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, коммерциялық ұйымды басқаруға тыйым салынған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар