Болат Жәмішев "Қазақстан халқына" қорын басқарады

/image/2022/01/15/crop-125_13_520x693_ae8379a1-0240-41d0-8539-c2b5fa1b44e9.jpeg

"Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорының басшысы болып Болат Жәмішев тағайындалды.

Қордың Қамқоршылық кеңесі "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы қызметіне бірауыздан Болат Жәмішевтің кандидатурасын ұсынып, қолдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі  қалталы азаматтарды жаңа ашылған қорға ақша салуға шақырған.

"Қазақстан халқына" қоры төмендегідей міндеттер атқарады:

  • денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан халқына қайырымдылық көмек көрсету;
  • төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимі енгізілгенде зардап шеккен халыққа көмек көрсету;
  • халықтың әлеуметтік осал топтарынан мұқтаж балалар мен балалар үшін спорттық инфрақұрылымның дамуына және оның қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу;
  • Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары, арнайы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау;
  • Қор қызметінің өзге басым бағыттары бойынша қайырымдылық көмек көрсету.

Қор халықаралық қайырымдылық ұйымдарының қаражаты, лотерея қызметі операторы және басқа да монополистердің міндетті аударымдары, ірі бизнес тарапынан тұрақты аударым мен квазимемлекеттік секторға арналған қаражаттан қаржыландырылады.

Болат Жәмішев – Қазақстан баму банкі, Қаржы министрлігі, Өңірлік даму министрлігін басқарған. Сондай-ақ ол Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрағасы болған 2004-2006 жылдар). 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар