Белсенді, Демократиялық партия құру бойынша ынталы топ жетекшісі Жанболат Мамай полиция өзін "жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды" деген айып бойынша тергеуге алатынын мәлім етті.
"Алматы полициясынан тергеуден шықтым. 272-бап бойынша (жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру) тексеруге алмақ. Бүгін қорғаушымның денсаулығына байланысты тергеу кейінге қалдырылды. "Сіздің жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғандармен байланысыңыз бар- жоғын тексереміз" дегенді айтты. Бұл істің саяси астары болатыны анық. Көреміз биліктің қандай қадамға баратынын" делінген белсендінің әлеуметтік желідегі жазбасында.
Бұған дейін Жанболат Мамай қылмыстық кодекстің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша жауап алуға шақырылғаны хабарланған.
Пікір қалдыру