Украина дағдарысына байланысты батыс елдері мен Ресей арасындағы шиеленіс қалай өрбіп жатқаны туралы қысқаша ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз:
- Ресей соғыс ұшақтары Киевке жақын Беларусь еліне жиналды.
- АҚШ, Ұлыбритания Украинаға қару-жарақ жіберіп жатыр.
- Дания, Испания, Франция және Нидерланды Шығыс Еуропаға жойғыш ұшақтар мен әскери кемелер жіберуде.
- АҚШ барлау қызметі "бір айдың ішінде Киевке шабуыл жасалауы мүмкін" деген ақпарат таратты.
- Ресей ықтимал шабуыл туралы ақпараттарды жоққа шығарды.
- Германия қазірге Украинаға қару-жарақ бермейтінін айтты бірақ медициналық көмек көрсететінін жариялады.
- Екі жақ (Батыс-Ресей) соғысқа дайындықпен қоса, дипломатиялық келісімге келуге тырысуда.
- Франция мен Германия Ресейді диалогқа шақырды.
- Батыс елдері Украинаға шабуыл жасалса, зардабы ауыр болатынын мәлімдеді.
- АҚШ өз азаматтарын Украинадан шығып кетуге шақырды.
Пікір қалдыру