Қазақстанда коронавирустан тағы 15 адам көз жұмды

/image/2022/01/27/crop-259_9_525x700_427a740e-04dd-411a-b5ee-9aa447a87c22.jpeg

Денсаулық сақтау министрлігі 26 қаңтар күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 13 652 адамнан коронавирус, 106 адамнан пневмония анықталған. 25 қаңтарда 13 адам коронавирустан, 2 адам пневмониядан көз жұмған.

27 қаңтардағы мәлімет бойынша, 159 223 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 10 137 пациент стационарда, 149 086 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 385 адамның жағдайы ауыр, 129 пациенттің жағдайы өте ауыр, 81 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстары "Қызыл" аймақта.

Түркістан облысы ғана "Сары" аймақта.

27 қаңтардағы мәлімет бойынша 9 156 377 адам вакцинаның I компонентін, 8 726 612 адам II компонентін салдырған.

 
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар