БҒМ вице-министрі елде онлайн-университеттер ашылатынын хабарлады

/image/2022/01/27/crop-22_17_795x1061_0399d3a4-0fc4-4b6d-87ef-734967cc42c3.webp

Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Қазақстанда алғашқы онлайн-университеттер ашылатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол министрліктің отырысында айтты.

– БҒМ жоғары білім беру жүйесіне оқытудың жаңа құралын енгізуді жоспарлап отыр. "Онлайн-оқу" білім алудың жаңа форматына айналады. Елімізде алғашқы онлайн-университеттер ашылады. Жалпы, жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттар саны 5 мыңға артады, олардың 60%-ы техникалық мамандықтар бойынша бөлінеді, – деді вице-министр.

Сондай-ақ ол ғылым саласын тұрақты қаржыландыру жалғасатынын және ғалымдарға ғылыми идеяларын жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ұсынылғанын атап өтті.

Айтуынша, 2000-нан астам ғалымға алған гранттарына қарамастан тұрақты түрде жалақы төленетін болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар