Сәлден кейін Ұлыбритания мен АҚШ Ресейге салынатын санкцияларды жарияламақ

/image/2022/02/24/crop-18_8_662x981_48677834002_ace0f5f770_b.jpeg
Ұлыбритания мен АҚШ Ресейге санкция жариялайды.
 
Алдағы бірнеше минутта Ұлыбританияның Ресейге қандай санкциялар салатыны жарияланады.
 
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Гринвич уақытымен сағат 17:00 шамасында Қауымдар палатасында мәлімдеме жасайды.
 
Осыдан кейін АҚШ президенті Джо Байден Украинадағы жаңа қақтығысқа қатысты алғашқы мәлімдемесін Гринвич уақытымен 17:30-да айтуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Ақ үй.
 
Ал Украинаның АҚШ-тағы елшісі Ресейді "Swift" ақша аудару жүйесінен ажыратып тастауға шақырды.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар