Италия, Франция ресейлік миллиардерлердің яхталарын тартып алды

/image/2022/03/12/crop-9_9_334x606_275742909_5072517519479571_4802248151244431767_n.jpeg
Италия билігі ресейлік миллиардер Андрей Мельниченкоға тиесілі жарты млрд еуроға (530 миллион еуроға) бағаланған суперяхтаны тәркіледі.
 
"Әлемдегі ең үлкен желкенді 143 метрлік яхта Италияның солтүстігіндегі Триест портында ұсталды" деп хабарлады Италия премьер-министрі Марио Драги.
 
ЕО көптеген ресейлік миллиардерлерге санкция салып, олардың активтеріне тыйым салуды бастады.
 
Өткен аптада француз билігі олигарх Игорь Сечинге тиесілі 88 метрлік яхтаны тартып алған.
 
Ресейдің тыңайтқыштар, көмір және энергетика салаларында үлкен үлесі бар өнеркәсіпші Мельниченко осы аптаның басында Еуропалық Одақтың санкция тізіміне енді.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар