Украина күштері ресейлік әскерлерді қоршауға алуы мүмкін екені хабарланды

/image/2022/03/24/crop-5_4_315x754_tank-razbit-ukraina-apxap-com.jpeg
Ұлыбританияның Қорғаныс министрі және батыс барлау қызметі Киев маңындағы "рухы әлсіреген" ресейлік әскер қоршауға алынуы мүмкін екенін мәлім етті. Бұл туралы BBC хабарлады.
 
АҚШ шенеунігінің айтуынша, Украина күштері айырылған жерлерді қайтарып алу үшін соғысып жатыр.
 
Украина күштері Киевтің батысындағы Макарив қаласын қайтарып алғанын хабарлады.
 
Сонымен бірдей уақытта Киевтің солтүстігі мен батысында украиндердің қарсы шабуылы ілгерілеуде.
 
Еуропалық көшбасшылар бүгін кешке G7, НАТО және Еуроодақ саммиттері үшін бас қосады.
 
АҚШ президенті Джо Байден оларға қосылып, Ресейге қарсы бірқатар жаңа санкцияларды жариялайды деп күтілуде.
 
НАТО басшылары саммитте Шығыс Еуропадағы альянс күштерін көбейтуді де мақұлдайды деген ақпарат бар.
 
Украинаның оңтүстігіндегі Мариуполь қаласын атқылау жалғасуда, соның салдарынан 100 мыңға жуық адам тамақсыз, сусыз және қуатсыз қалған.
 
Украинаның Киев, Чернигов, Харьков сияқты басқа қалалар да бомбалануда.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар