– Бүгінгі таңда Қазақстанда 101 мыңнан астам ресейлік бар. Оның ішінде 6 350 ресейлік жыл басынан бері жұмыс істеуге келді, – деді вице-министр.
Біржанов өткен жылы Қазақстанға жұмыс бойынша 18,8 мың РФ азаматы келгенін атап өтті. Оның пікірінше, көршілес елден халықтың үлкен ағыны әлі байқалмайды.
– Сондай-ақ, жағымды жақтары да бар. Жоғары білікті мамандар, ірі IT-компаниялар келеді. Мәселен сол InDriver компаниясы Қазақстанда өз өкілдігін ашады. Егер бұрын көп ақша төленiп семинарлар ұйымдастырылса, қазір компаниялар өздері келіп, қазақстандықтардың біліктілігін арттыру жеделдейді. Компанияларды ашқан кезде жұмыс орындары пайда болады. Біз кез келген жағдайда қанша адам келгенін, қандай мақсатта, не істеп жатқанын, мерзімдерді орындап жатқанын бақылауда ұстаймыз, – деді Біржанов.
Пікір қалдыру