Ішкі істер министрлігі Қазақстанның бірқатар қаласында жарылғыш заттар қойылғаны туралы хабарламалар келіп түскенін мәлім етті.
"Қазақстанның бірқатар қаласында түрлі объектілерінде орнатылған жарылғыш құрылғылар туралы келіп түскен хабарламаларға байланысты келушілер мен персоналды эвакуациялау, ғимараттарды қоршау жүргізілді, арнайы техника мен қызметтік-іздестіру иттерін қолдана отырып, тиісті қызметтер мен мамандардың объектілерді тексеруі қамтамасыз етілді" деп хабарлаған министрлік бірде-бір дерек расталмағанын, аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын жеткізді.
Аталған бап бойынша 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
"Ішкі істер министрлігі салынған жарылғыш зат туралы көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді. Тұрғындарды сабырлық сақтауға, өткізілетін іс-шараларға және қабылданатын қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз" делінген ақпараттық хабарламада.
102 номеріне Қарағандыда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына, елордада "My car" және "Lexus" автосалондарына, "Хан-Шатыр" мен "Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталықтарына мина қойылғаны туралы ақпарат түскен. ІІМ ақпаратты тексеріп, шақыру жалған болғанын анықтаған. Қазіргі уақытта Қарағандыда жалған шақыру жасады делінген күтікті ұсталғаны хабарланды.
Пікір қалдыру