"Тоқаевқа қастандық жасамақ болды" делінген күдіктіге байланысты қосымша ақпарат шықты

/image/2022/04/04/crop-14_9_415x738_crop-19_38_429x763_c9f836a3-d5d2-49f5-b599-5274a9eb84a6.jpeg

ҚР Президентіне және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған делінген азаматқа байналысты деректер шықты. Журналист Михаил Козачковтың жазуынша, күдіктіде шынымен де снайперлік винтовка болған.

 

"Президент пен құқыққорғау органы қызметкерлеріне қастандық жасамақ болды делінген ықтималды террорист туралы. Оның аты-жөні Аян Атығаев, биылғы қаңтардан бастап ол астанада адвокат болып жұмыс істеген, дәлірек айтқанда лицензия алған. Бұл жөнінде заңгердің таныстары білмеген. Снайперлік винтовкасы шынымен болған. Оны елге бөлшектеп Шығыс Еуропа елдерінің бірінен әкелген" дейді журналист Telegram каналында.

 

Ақпарат ресми органдар тарапынан расталған жоқ. Михаил Козачков өзі істейтін "Время" газетінде сот саласындағы заңсыздықтар, Telegram каналында түрлі инсайдерлік ақпараттар туралы жиі жазады. Әдетте оның жазғандары артынша рас болып шығып жатады.

Кеше ҰҚК 2022 жылғы 25 наурызда ведомствоға қарасты қарсыбарлау қызметі Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президентіне және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған шетел барлау агенті "А"деген ҚР азаматын ұстағанын хабарлаған.

Ресми ақпаратқа қарағанда ол бір мезгілде арнаулы және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты террористік актілер жасауды жоспарлаған. Тінту барысында шетелде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі заттары және ірі ақша сомасы тәркіленді. Қару Қазақстанға кәсіби жасырылған түрде бөлшектермен әкелінген.

ҰҚК күдікті бұдан өзге ҚР-да әлеуметтік желілерде тиісті материалдарды жариялау арқылы ресейге қарсы үндеуді насихаттау және қоғамда русофобтық көзқарастарды тудыру тапсырмаларын орындағанын, алдын ала тергеу барысында ол жоғарыда көрсетілген істерді шетел мемлекетінің тапсырмасы және мүддесінде жасағанын мойындағанын мәлім еткен.

Әлеуметтік желіде ҰҚК таратқан хабарламаның қисынына сене қоймағандар, оны қойылым деп санайтындар аз болмады. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар