Ақ қан дертіне шалдығып, ауруы асқынып бар жатқан режиссер көпшіліктің көмегіне мұхтаж

/image/2022/04/13/crop-12_71_529x940_278171153_3157118674536166_3138640186468339557_n.jpg
 
Әріптесіміз, "Мұзбалақ" мултьфильмі, "Ақ құс", "Үкілі әуен" секілді балалар сериалы мен түрлі анимациялық жобалардың режиссері Тұрдыбек Майданұлы созылмалы ақ қан дертіне шалдығып, екі жылға жуық алған емі толық нәтиже бермей, ауруы асқынып барады. Мамандар енді жедел шетелде емделмесе болмайтынын айтып отыр. Оның жолдары да қарастырылып жатыр. Дегенмен оған қыруар қаржы кететіні сөзсіз.
 
Қадірлі ағайын! Ардақты азаматтың ауыруынан айығып кетуіне көп болып көмектессек! Әр қазақ мүмкіндігінше жәрдем етсе екен дейміз.
 
Тұрдыбек аз ғана жылда қазақ анимация өнеріне өзіндік өрнек салып үлгерген талантты мультипликатор. Ол жасаған "Мұзбалақ" фильмі "Қарлығаштың құйрығы неге айыр" анимациялық фильмінен 50 жылдан соң анимация аталымы бойынша халықаралық фестивальдің Гран-При жүлдесін алған еді. "Мұзбалақ" араға жарты ғасыр салып бір емес, алты дүркін халықаралық фестивальдің Бас жүлдесін Қазақстан қоржынына салған айрықша кино туынды болды. Қазір де сол аталған фильм секілді "Алтын адам" анимациялық фильмін жасап жатқан білікті азаматтың тезірек сауығып кетуіне баршаңыз ат салысар деген үміттеміз.
 
Каспий голд:
5169 4971 1508 0693
8 747 413 93 69 Гүлмира Қ. (әйелі)
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар