Наурыз айында халық тұтынатын тауарлар сапасына мониторинг жасау аясында Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 38 ет сынамасын сатып алған
"Зерттеу барысында сиыр еті өнімі бар консервінің екі сынамасы және шұжық өнімінің бір сынамасы талапқа сәйкес келмейтіні анықталды: ЖК Павлов А.С. дайындаған жартылай ысталған "Мұсылман" шұжығы (Ресей, Башқұртстан Республикасы); "Қорған ет комбинаты "Стандарт" ЖШҚ өндірген "Бұқтырылған сиыр еті жоғары сұрыпты" стерильденген кесек етті консервілер (Ресей, Қорған қаласы); "Орел Өнімдері" АҚ өндірген "Бұқтырылған сиыр еті жоғары сұрыпты" стерильденген кесек етті консервілер (Ресей, Орлов облысы).
Сондай-ақ, "Түскі асқа арналған шошқа еті" стерильденген тартылған ет консервілерде (Ресей, Мәскеу облысы "Селятино" ет өңдеу комбинаты) тауық етінің ДНҚ-сы анықталды" делінген хабарламада.
Доңыз етінің ДНҚ-сы дүкендерде сатылатын ресейлік консервілер мен "Мұсылман" жартылай ысталған шұжықтарынан табылған.
Зерттеу нәтижесінде анықталған қорытындыларға байланысты жоғарыда аталған өнімдер талапқа сәйкес келмейтін өнімдер тізіліміне енгізілген. ҰСО филиалы мамандарының айтуынша, өндірушілер тамақ өнімдерін дұрыс таңбаламайды, сонымен қатар өнім заттаңбада көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келмейді.
Пікір қалдыру