Ұлыбритания Соғысты зерттеу институты Ресейдің Украинаға басып кіруіндегі ілгерілеуі баяу жүріп жатқанын мәлім етті. Украинадағы соғысқа байланысты соңғы ақпараттар қысқаша төменде ұсынылып отыр.
♦ Ресей энергетика алпауыты Газпром рубльмен төлеуден бас тартқан Польша мен Болгарияға газ жеткізуді қысқартқанын мәлімдеді. Украина мен ЕО бұны "Ресей Украинаны қолдайтын елдерді осылай бопсалап жатыр" дейді. Болгария Газпромды "келісім-шартты бұзды" деп айыптаса, Польша жағдайды реттей алатынын айтады.
ЕО қалай әрекет ету керектігін шешу үшін төтенше газ келіссөздерін өткізіп жатыр, дегенмен ЕО-ның туындаған жағдайға арналған жоспарлары бар екені де хабарланды.
♦Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің арнайы қызметтерін "Молдованың шекара аймағында шабуылдар жасады" деп айыптады.
♦Украина шекарасынан солтүстікке қарай 40 шақырым жерде орналасқан Ресейдің Белгород қаласында оқ-дәрі қоймасы өртеніп, бірнеше жарылыс естілді.
Пікір қалдыру