Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары, "А" арнайы мақсаттағы қызметінің басшысы Әнуар Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 шілдесіне дейін ұзартылды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
"ҰҚК-ның тергеу тобы Мәсімовке, Садықұловқа, Ерғожинге және басқа да тұлғаларға қатысты ҚР ҚК-нің 175-бабы 1-бөлігі, 179-бабы 3-бөлігі, 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы, 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы, 366-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыс жасау белгілері бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда" делінген хабарламада.
Ал ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожинді қамауға алу мерзімі 13 шілдеге дейін ұзартылған.
♦ ҚК 336-бабы 4-бөлігі – "Пара алу"
♦ ҚК 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы – "Билiктi немесе лауазымдық өкiлетігін асыра пайдалану"
♦ ҚК 175-бабы 1-бөлігі – "Мемлекетке опасыздық жасау"
♦ ҚК 179-бабы 3-бөлігі – "Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту"
♦ ҚК 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы – "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)"
Пікір қалдыру