Екінші нұсқа бойынша Украина Қырымды қоса алғанда Ресейді әскери қимылдар басталғанға дейінгі аумаққа дейін шегіндіруі мүмкін. Олай бола қалса, Батыс пен Ресей соғысы мәселесі тууы ғажап емес.
Үшінші нұсқа бойынша Украина Ресейге төтеп беріп, фронт линиясы 24 ақпанға дейінгі жағдайға оралады. Бұл – Ресей үшін жеңіліс болып саналады. Украина конфликтке дейінгі шекарасына қайта оралып, қарулануға, НАТО-ға мүше атана алмаса да тығыз қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады.
Киссинджер бүгінде Украина билігі дәл осы үшінші сценарийді ұстанып отыр деп санайды.
"Егер соғыс осылай аяқталса, НАТО үшін үлкен жетістік болар еді. Альянс Филняндия мен Швецияның есебінен күшейіп, Балтық елдерін тиімді қорғау мүмкіндігіне ие болады. Украина Еуропадағы ең үлкен құрлық әскерін иеленеді. Ал Ресей жаңа тарихта алғаш рет Еуропаны қауіпсіздігін АҚШ-тың ядролық күштері қамтамасыз етіп отырған аумақ түрінде емес, жеке дара құрылым ретінде бағалауға мәжбүр болады" дейді Киссинджер.
Пікір қалдыру