Ресей–Украина соғысын тоқтатуға бағытталған бейбіт келісім жобасы қызу талқыланып жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша:
Өткен аптада Трамп әкімшілігі қолдаған 28 тармақтан тұратын жоспар Украина мен Еуропа одағындағы одақтастар тарапынан сынға ұшыраған. Себебі құжат Ресейдің пайдасына жасалған деп бағаланған.
Кейін жоспар қайта өңделді, алайда жаңартылған нұсқаның мәтіні әзірге жарияланған жоқ.
Украина президенті Владимир Зеленский жаңа жоба бойынша «бірқатар сезімтал мәселелер» ескерілсе, келіссөздерді жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.
Ал АҚШ президенті Дональд Трамп арнайы өкілі Стив Уиткофты Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер жүргізу үшін Мәскеуге жіберіп, «келісімге жақындап қалдық» деп отыр.
Жаңа жоспардың мазмұны туралы толық ақпарат жоқ, бірақ кейбір маңызды тұстар өзгергені белгілі. Соңғы ақпараттарға сәйкес, құжатта украин әскерін Донбасстан шығару талабы жоқ. Сонымен қатар жоба бойынша Украинаның НАТО-ға қосылуына және өз армиясын сақтауына рұқсат беріледі. Ал, бұған дейін Зеленский Украинаның аумақтарын Ресейге бермейтінін ескерткен.