Ауғанстанда интернет өшірілді

/uploads/thumbnail/20251001103758502_big.webp

Ауғанстанда телефон байланысы бұзылып, интернет желісі толық өшірілді. NetBlocks мониторинг қызметі бұл жағдайды жұртшылықтың интернеттен толық қол үзу деп бағалады. Бұл шешім талибандардың көшбасшысы Хибатулла Ахунзаданың дәстүр-ғұрыпты сақтау негізінде қабылданған деседі. 

 

Интернет ауылдарда да, қалаларда да өшірілген. Соның кесірінен банктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының және өзге де мекемелердің жұмысы тоқтап, әуе рейстері тоқтатылған.

 

Ауғанстан – интернетті ауыздықтаған жалғыз ел емес. 2024 жылдың қорытындысы бойынша әлемде 50-ден астам мемлекетте интернет белгілі бір кезеңдерде немесе толықтай бұғатталған. Олардың қатарында Солтүстік Корея, Ресей, Қытай, Бангладеш, Түркіменстан да бар.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар