Президент кеңейтілген Үкімет отырысында жол сапасының нашарлап кеткенін айтты, деп жазады ҚР президентінің баспасөз қызметі.
«Келесі мәселе – автожол саласына қатысты. Бұл салаға түбегейлі реформа жасайтын уақыт жетті. Қазір еліміздегі жолдың жай-күйін қадағалап, қызмет көрсететін екі негізгі оператор бар. Турасын айтсақ, екеуі де бір жұмысты атқарып отыр, жұмысшыларының саны да қажетті шамадан артық. Соған қарамастан, азаматтардан келіп жатқан орынды арыз-шағымдар азаяр емес, ал жолдың сапасы мүлде сын көтермейді. Үкіметке «ҚазАвтоЖол» және «Казахавтодорды» біріктіріп, Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырамын. Нәтижесінде қызметкерлердің саны да қысқаратын болады», деді Тоқаев.
Бұдан бөлек, президент автожол саласындағы жемқорлық мәселесіне де тоқталып өтті, деп жазады Азаттық рухы.
Пікір қалдыру