Полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Арыстанғани Заппаров 1969 жылы туған. 1993 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет етіп келеді. Бірқатар лауазымды қызметтер атқарған. 2019-2022 жылдары Ішкі істер министрінің орынбасары болса, қаңтар оқиғасынан кейін Алматы облысы полиция департаментін басқарған.
Алматы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Қанат Таймерденов маусымның соңында қызметінен кеткені, артынша ІІМ Экстремизммен күрес департаментінің басшысы болып тағайындалғаны хабарланған.
Пікір қалдыру