Мұрат Боранбаев 2017 жылы AlanParking ЖШС-нің жетекшісі болған. Бұған дейін Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынған. Ол бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген. Алматыдағы ақылы автотұрақтар 2016 жылы енгізілген. Алматы қаласы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, бүгінде 11 мың ақылы орын бар. Шілдеде Алматы әкімі Ерболат Досаев AlanParking ақылы автотұрақтары қала меншігіне өтетінін мәлімдеген.
Пікір қалдыру