Прокурор Хаменованы 7 жылға соттауды сұрады

/image/2022/10/31/crop-109_194_792x1408_2022_10_31_9afa1346-c0da-4424-8314-a58d3fbc735a.jpg

Атырау қалалық № 2 сотында  Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша тараптардың татуласу процедуралары басталды. Прокурор Лаура Асанова Хаменованы дүние-мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға бас бостандығынан, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыру жазасын сұрады, деп хабарлады AtyrauPress.kz сайты.

Прокурор Хаменованың кәмелет жасына толмаған баласы барын ескеріп, жазаны 3 жылдан кейін өтеуді міндеттеуді ұсынды. Сондай-ақ Хаменованы "Құрмет" орденінен айыруды, қамауда болған бір күнін бір жарым күнмен есептей отырып, жаза өтеу орны ретінде қауіпсіздігі орташа мекемені тағайындауды сұрады. 

Айыпталушылардың бірі, бұрынғы мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевті де 7 жылға соттауды сұрады.

Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменоваға Абайға ескерткіш қою үшін мемлекеттік тапсырыс келісім-шартын жасасқанда 4,5 млн теңге көлемінде пара алды деп айыпталып отыр. Алайда 13 қазанда Ақылбек Рысқалиев күтпеген мәлімдеме жасап, бастапқы "пара беруші мен пара алушы арасында делдал болдым" деген жауабын өзгертіп, Хаменова 4,5 млн теңгеге ешқандай қатысы жоқ екенін айтқан. Ол бастапқыда берген куәлігі Антикор қызметкерлерінің ықпалымен болғанын жеткізді. 

Ал Антикор қызметкерлері  Рысқалиевтің сөзін жоққа шығарып, оған ешқандай қысым жасалмалы дейді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар