Полицейге пара бермек болған Ресей азаматының үстінен қылмыстық іс қозғалды

/image/2022/11/10/crop-0_-4_910x1618_1111111.jpg

Ресей азаматының үстінен полиция қызметкеріне пара беруге тырысқаны үшін қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады.

8 қарашада Ақтөбенің іргесіндегі Заречный елді мекенінде жол ережесін бұзғаны үшін 56 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Volvо FN жүк автокөлігі тоқтатылған. Жүргізуші жол белгілері талабын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен құтылу үшін полицияға пара ұсынған.

Полиция қызметкері ақшадан бас тартып, сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы өзінің тікелей басшылығына және өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлаған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 367-бабының 1-бөлігімен (Пара беру) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар