Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек болашақта сұранысқа ие болатын бес мамандықты атады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Министрдің пайымынша, келешекте инженерлер, ұстаздар, медицина қызметкерлері, көлік және тасымалдау мамандары, ауыл шаруашылық саласының мамандарына сұраныс жоғары болады.
– Оның 40 шақтысы қазір 15 жоғары оқу орнында және 40-тан астамы колледждерде оқытылады. 4 000-нан астам студент жаңа мамандықтар бойынша дәріс алуда. Ал 95 мамандық өкінішке орай күрт өзгереді. enbek.kz/atlas сайтында орналасқан "Мамандықтар атласы" жобасында осы мамандықтарды қарап шықсаңыздар болады, – дейді Саясат Нұрбек.
Пікір қалдыру