Елде оқушы орындардың тапшылығы мәселесі жыл санап өсіп келеді. Бір жылда үш ауысымда оқитын мектептердің саны тағы 6 пайызға өскен. Бұл туралы Ranking.kz порталы хабарлады.
Қазір мектептердің көпшілігі оқушыларды екі ауысымда оқытады, мұндай мектептердің саны жылдан жылға артып келеді. Мәселен, 2021-2022 оқу жылында елімізде 5,2 мың осындай мектеп жұмыс істесе, 2020-2021 оқу жылында – 5,1 мың, одан бес жыл бұрын, 2017-2018 оқу жылында – 4,9 мың екі ауысымдық мектеп болған.
Сонымен қатар, елде үш ауысымда оқитын мектептер саны да артып келеді, бұл онсыз да дағдарысты жағдайдың нашарлағанын көрсетеді. Мәселен, 2021-2022 оқу жылында Қазақстанда 169 үш ауысымды мектеп жұмыс істеді, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,6% артық (160 мектеп), ал үш жыл ішінде мұндай мектептердің саны бірден 32% өскен.
Өңірлер бойынша үш ауысымды мектептердің ең көп саны Алматыда (59 мектеп), сондай-ақ Маңғыстау (18 мектеп), Атырау (17 мектеп), Түркістан (15 мектеп) және Павлодар (10 мектеп) облыстарында байқалады.
Үш ауысымды және апатты мектептердің тапшылығы мәселесін шешу «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы іске қосылған. Оны 2023 жылдан 2025 жылға дейін іске асыру жоспарлануда. Ұлттық жобаның бірыңғай операторы ретінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ таңдалды.
Ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында республикада 842 мың оқушы оқитын 401 жаңа мектеп салынады деп жоспарланған. 2023 жылы 467,8 мың оқушыға арналған 221 мектептің құрылысын бастау жоспарланып отыр. Жалпы жобаны жүзеге асыруға 2,6 трлн теңге мемлекет инвестициясы бағытталады.
Пікір қалдыру