Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 271-бабына сәйкес, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б.СҰЛТАНОВ.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы № 246 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға
кедендік тазартуды жасау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 271-бабына сәйкес әзірленді және тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру кезінде кедендік тазартумен және тауарларды шығарумен байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде мемлекеттік кірістер органдары (кеден бекеттері) лауазымды адамдары іс-қимылының дәйектілігін айқындайды.
2. Қағида кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға кедендік тазартуды жүзеге асыру кезінде қолданылмайды.
3. Тауарларды кедендік тазартуды өзінің лауазымдық (функционалдық) міндеттеріне сәйкес осындай кедендік операцияларды жасауға уәкілетті кеден бекеттерінің лауазымды адамдары (бұдан әрі – уәкілетті лауазымды адам) жүзеге асырады.
4. Уәкілетті лауазымды адам тауарларға кедендік тазартуды тауарларға арналған декларацияны (бұдан әрі – ТД) жазбаша немесе электрондық құжат түрінде пайдалана отырып жүргізеді.
5. Тауарларды кедендік тазарту және кедендік бақылауды жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды адам тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланады.
6. Тауарларды кедендік тазарту кезінде ТД–ны декларант немесе кеден өкілі оның қызмет аймағында тауарлар кедендік бақылауда тұрған мемлекеттік кірістер органына ұсынады.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша құбыржол көлігімен немесе электр беру желісі бойынша өткізілетін тауарларға кедендік тазарту процесін оңтайландыру мақсатында көрсетілген тауарларға қатысты ТД тауарлардың орналасқан жеріне қарамастан мемлекеттік кірістер органына беріледі.
2-бөлім. Тауарларды жазбаша нысанда кедендік декларациялау кезінде тауарларға кедендік тазартуды жасау кезінде уәкілетті лауазымды адамның іс-қимылы
1-параграф. ТД-ны қабылдау, тіркеу және тіркеуден бас тарту кезінде
уәкілетті лауазымды адамның іс-қимылы
7. ТД-ны қабылдаумен, тіркеумен және тіркеуден бас тартумен байланысты кедендік операциялар «Тауарларға арналған декларацияны тіркеу, тіркеуден бас тарту және тауарларды шығарудан бас тартуды ресімдеу тәртібі туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 262 шешіміне (бұдан әрі – Тауарларға арналған декларацияны тіркеу, тіркеуден бас тарту және тауарларды шығарудан бас тартуды ресімдеу тәртібі) сәйкес жүзеге асырылады.
8. Осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте берілген ТД, оның беру күнін және уақытын, оның электрондық көшірмесін және қажетті құжаттарды осы Қағидаларға 1-қосымшамен белгіленген нысан бойынша қағаз және (немесе) электрондық түрде ТД тіркеу журналында тіркеу жолымен міндетті қабылдауға жатады.
ТД қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
9. Декларант не кеден өкілі ТД берген кезде уәкілетті лауазымды адам тауарларды кедендік декларациялау кезінде ұсынылатын Кодекстің 281 және 282–баптарында көрсетілген құжаттардың, және Тауарға арналған декларацияны тіркеуді, тіркеуден бас тартуды ресімдеу тәртібімен (бұдан әрі – Тауарға арналған декларацияны тіркеуді, тіркеуден бас тартуды, тауарларды шығарудан бас тартуды ресімдеу тәртібі) белгіленген нысан бойынша екі данадағы құжаттар тізімдемесінің бар болуын тексереді.
10. ТД қабылданғаны тізімдеменің екі данасына, оның ішінде тиісті кіші жүйелерді пайдалануға енгізу сәтінен бастап мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде уәкілетті лауазымды адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, күні мен уақытын, қолын және жеке нөмірлік мөр бедерін қоюмен расталады.
11. Тауарға арналған декларацияны қабылдаған кезде уәкілетті лауазымды адам оны беру мерзімін тексереді.
Егер ТД Кодекстің 283–бабымен белгіленген мерзімді бұза отырып берілсе, уәкілетті лауазымды адам «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексімен көзделген шараларды қабылдайды.
12. ТД берген сәттен бастап уәкілетті лауазымды адам отыз минуттан аспайтын мерзімде оның тіркеуін жүргізеді.
ТД тіркеу Кодекстің 138–бабына сәйкес тауарларды кедендік декларациялауы үшін кедендік алымның төленгені туралы растаудың болуы және ТД тіркеуден бас тарту негіздемесінің болмауы кезінде жүргізіледі.
13. ТД тіркеу мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде, сондай-ақ ТД тіркеу журналында уәкілетті лауазымды адам жүзеге асырады.
Мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесі ТД электрондық тіркеу журналын, онда ТД тіркеу күнін, уақытын, оның ішінде ТД тіркеу нөмірін көрсете отырып автоматты түрде қалыптастырады.
14. Уәкілетті лауазымды адам, егер:
1) ТД-ны, тіркеуге құқылы емес кеден бекетіне берсе;
2) ТД-ны кеден бекетіне уәкілеттігі жоқ адам берсе.
ТД-ны беретін адамның өкілеттігін тексеруді уәкілетті лауазымды адам ТД-дағы мәліметтерді Кеден өкілдерінің тізілімінде бар ақпаратпен салыстыру жолымен, сондай-ақ кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ТД электрондық көшірмелерін қалыптастыру үшін пайдаланылатын кодты декларантқа беру туралы шешімдермен жүзеге асырады;
3) ТД–да Кодекстің 279–бабымен көзделген негізгі мәліметтер көрсетілмесе;
4) ТД–ға қол қойылмаған, не тиісті түрде куәландырылмаған немесе белгіленген нысан бойынша жасалмаған болса.
ТД–ны толтыру тәртібі «Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі жөніндегі нұсқаулық туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен (бұдан әрі – ТД толтыру жөніндегі нұсқаулық) айқындалады;
5) Кодекске сәйкес ТД берілгенге дейін немесе берумен бір уақытта жасалатын әрекеттер жасалмаған декларацияланатын тауарларға қатысты ТД–ны тіркеуден бас тартады.
15. ТД-ны тіркеуден бас тартуды уәкілетті лауазымды адам Тауарға арналған декларацияны тіркеуді, тіркеуден бас тартуды, тауарларды шығарудан бас тартуды ресімдеу тәртібіне сәйкес ресімдейді.
2-параграф. Құжаттамалық бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті
лауазымды адамның іс-қимылы
16. Тауарларды кедендік тазарту кезінде уәкілетті лауазымды адам ТД және ұсынылған құжаттарға тексеру жүргізу жолымен құжаттамалық бақылауды жүзеге асырады.
17. ТД–ға құжаттамалық бақылау кезінде уәкілетті лауазымды адам мынадай әрекеттерді орындайды:
1) ТД–да және оның электрондық көшірмелерінде мәлімделген мәліметтердің тауарларды кедендік декларациялау кезінде ұсынылатын құжаттардағы мәліметтермен сәйкестігін тексеруді және мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесін пайдаланумен форматтық-логикалық бақылауды;
2) тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын сақтауды тексеруді.
Бұл ретте, уәкілетті лауазымды адам Кодекстің 281, 282–баптарының негізінде кедендік рәсімдердің шарттарына сәйкес тауарларды кедендік декларациялау кезінде ұсынылатын құжаттардың тексеруін жүргізеді;
3) тыйым салулар мен шектеулердің, тарифтік емес реттеу шаралардың және экспорттық бақылаудың сақталуын мына құжаттардың: лицензиялардың, сертификаттардың, рұқсаттардың және (немесе) өзге құжаттардың болуына тексеру жолымен бақылауды;
4) тауарлардың шығарылған елін дұрыс айқындауда және тарифтік преференцияларды мәлімдеу кезінде тарифтік преференциялардың ұсынуын бақылауды.
Бұл ретте уәкілетті лауазымды адам:
уәкілетті органдар немесе шығарылған елдің не егер әкету елінде сертификат Кодекстің 95-бабына сәйкес тауарлардың шығарылған елінен алынған мәліметтердің негізінде берілсе, әкету елінің ұйымдары берген тауардың шығарылған елін растайтын құжат түпнұсқасының болуын;
тауарлардың шығарылуын растайтын құжаттардағы мөр бедерлері мен қолдардың кеден ісі саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органына жеткізілген мөр бедерлері мен қолдардың үлгілерімен сәйкестігін тексереді;
5) кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін бақылауды.
Бұл ретте уәкілетті лауазымды адам:
Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының коды және төлемді тағайындау бойынша кедендік төлемдер мен салықтар сомаларының түсіміне тексеруді;
төлеуші кедендік төлемдерді, салықтарды және алымдарды мемлекеттік кірістер органдарының әкімшілік ғимараттарында (үй-жайларында) орнатылған электрондық терминалдары арқылы төлем карточкаларын пайдалана отырып, және екінші деңгейдегі банктер арқылы, сондай-ақ банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдары арқылы төлеген кезде – жоғарыда көрсетілген электронды терминал беретін түбіртектің және (немесе) екінші деңгейдегі банктер кассалары түбіртектерінің бар болуын тексеруді жүргізеді;
мәлімделген тарифтік, салықтық жеңілдіктердің және преференциялардың, тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктердің, мәлімделген жеңілдіктерді айқындайтын не кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу және төлеудің ерекше тәртібін белгілейтін құжаттардың негіздемесіне бақылауды;
кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша кейінгі қалдыру мен бөліп төлеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтарды төлеу бойынша бөліп төлеуді ұсыну туралы тиісті шешімнің болуына тексеруді, сондай-ақ егер тауарлар мұндай қамтамасыз етуді ұсынған шартымен шығарылған жағдайда кедендік баждарды төлеуінің қамтамасыз етуін растайтын құжаттардың болуына тексереді;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есепке алу әдісімен қосылған құн салығын төлеу шартының сақталуын тексереді.
Төлеуге жататын кедендік төлемдер мен салықтар сомасының дұрыс есептелуін және саналуын тексеру мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесімен жүргізіледі.
18. Құжаттамалық бақылауды жүргізу кезінде ТД–ғы декларацияланатын тауардың Еуразиялық экономикалық одағының Сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасына (бұдан әрі – СЭҚ ТН) сәйкес бірінші алты белгі деңгейінде жіктеу коды туралы мәліметтер ұсынылған құжаттардағы жіктеу кодына сәйкес келмеу (алшақтық) анықталған жағдайда уәкілетті лауазымды адам (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10625 болып тіркелген және 2015 жылғы 17 сәуірдегі “Әділет” ақпараттық–құқықтық жүйесінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 116 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тауарларды жіктеу бойынша шешім қабылдайды.
19. Құжаттамалық бақылауды жүргізу кезінде ТД–ғы декларацияланатын тауардың мәлімделген кедендік құны туралы мәліметтердің ұсынылған құжаттардағы мәліметтерге сәйкес келмеу (алшақтық) анықталған, оның ішінде тауарлардың кедендік құнын анықтау әдісін дұрыс таңдамау және (немесе) тауарлардың кедендік құнын дұрыс анықтамау фактілерін анықтаған жағдайларда уәкілетті лауазымды адам тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзету туралы шешім қабылдайды.
Тауарлардың кедендік құнын түзету туралы шешімді уәкілетті лауазымды адам көрсетілген фактілерді анықтаған сәттен бастап үш сағат ішінде қабылдайды.
Тауарлардың кедендік құнын түзету туралы шешім «Декларациялау, тауарлардың кедендік құнын бақылау және түзету тәртіптері туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі №376 шешімімен (бұдан әрі – Декларациялау, тауарлардың кедендік құнын бақылау және түзету тәртібі) белгіленген нысан бойынша ресімделеді және декларанттың (кеден өкілінің) назарына жеткізіледі. Шешімнің нысаны екі данада толтырылады, олардың біреуі кеден бекетінде қалдырылады, басқасы декларантқа (кеден өкіліне) табыс етіледі (жолданады).
Тауарлардың кедендік құнын түзету Декларациялау, тауарлардың кедендік құнын бақылау және түзету тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Тауарлардың кедендік құнын түзету туралы шешімді алғаннан кейін декларант (кеден өкілі) белгіленген тәртіпте тауарлардың кедендік құнына түзетуді жүзеге асыруға және Кодекстің 297–бабының 1–тармағымен белгіленген тауарларды шығару мерзімінен аспайтын мерзімде түзетілген кедендік құнды есепке алумен саналған көлемде кедендік баждарды, салықтарды төлеуге міндетті.
Декларант (кеден өкілі) тиісті түрде толтырылған тауарларға арналған декларацияның түзетуін (бұдан әрі – ТДТ), кедендік құнның декларациясын (бұдан әрі – КҚД) және олардың электрондық көшірмелерін, сондай-ақ түзетілген мәліметтердің негізінде олардың өндіріп алуы мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген кедендік баждардың, салықтардың және өзге төлемдердің төленуін растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынады.
Уәкілетті лауазымды адам декларант (кеден өкілі) КҚД, ТДТ нысанын және кедендік төлемдерді және кедендік баждардың, салықтардың төленуін растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін Кодекстің 297–бабының 1–тармағымен белгіленген тауарларды шығару мерзімінен кешіктірмей тауарлардың кедендік құнын түзету туралы қабылданған шешімге сәйкес декларанттың (кеден өкілінің) тауарлардың кедендік құнына түзетуді дұрыс жүзеге асырылуын тексереді және тауарлардың жаңадан айқындалған (түзетілген) кедендік құнның қабылданғаны туралы белгі қояды.
Егер КҚД және ТДТ тиісті түрде толтырылған жағдайда, уәкілетті лауазымды адам тауарларды шығару мерзімінен аспайтын мерзімде КҚД–ны оған тіркеу нөмірін беру жолымен тіркейді және ТД, КҚД және ТДТ–ға тиісті жазба (белгі қояды) жүргізеді.
Егер тауарларды шығару мерзімі аяқталғанға дейін кеден бекетіне КҚД және ТДТ, сондай-ақ құжаттар және (немесе) түзетілген мәліметтердің негізінде кедендік, өзге төлемдердің төленуін растайтын мәліметтерді ұсынбаған не ұсынылған КҚД және ТДТ тиісті түрде толтырылмаған жағдайда, уәкілетті лауазымды адам тауарларды шығарудан бас тартады.
20. Құжаттамалық бақылауды жүргізу кезінде ТД–ғы декларацияланатын тауарлардың мәліметтері ұсынылған құжаттардағы мәліметтерге сәйкес келмеуі (алшақтығы) анықталған жағдайда, сондай-ақ тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру шарттарына сәйкес тауарларды сәйкестендіру қажеттілігі кезінде тауарлардың кедендік тексеріп қарауын (қарап тексеруін) жүргізу бойынша шаралар қабылданады.
Тауарлардың кедендік тексеріп қарауын (қарап тексеруін) жүргізу туралы шешімді кеден бекетінің басшысы не уәкілетті лауазымды адамның қызметтік жазбасының негізінде оны алмастыратын адам қабылдайды.
21. Құжаттамалық бақылау жүргізу кезінде әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайда уәкілетті лауазымды адам «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне сәйкес шаралар қабылдайды.
Құжаттамалық бақылау нәтижелері бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың белгілері бар бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті лауазымды адам мұндай бұзушылықтар туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органының жедел-тергеу бөлімшесіне (экономикалық тергеу қызметі) береді.
22. Тауарлар шығарылғанға дейін тіркелген кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту және толықтыру Кодекстің 289–бабына және «Тауарларға арналған декларацияларда көрсетілген мәліметтерге өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу және Кеден одағы комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының кейбір шешімдерінің күштері жойылды деп тану туралы» Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешіміне (бұдан әрі – ТД–ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі) сәйкес жүргізіледі.
23. Құжаттамалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар болмаған жағдайда уәкілетті лауазымды адам тауарларды кедендік тазарту кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылауды жүргізеді.
3-параграф. Тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылауды жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды адамның іс-қимылы
24. Уәкілетті лауазымды адам тәуекел бейіндеріндегі және іске қосылған тәуекел бейіні болған кезде тәуекел индикаторларындағы тәуекелді алдын алу және (немесе) азайту бойынша шараларды қабылдау жолымен тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылауды жүргізеді.
Бұл ретте уәкілетті лауазымды адам декларантқа немесе кеден өкіліне қол қоюмен тәуекелдерді басқару жүйесімен мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйелері берген тәуекелдерді алдын алу және (немесе) азайту бойынша тағайындалған шаралары туралы жазбаша хабарламаны табыс етеді.
25. Уәкілетті лауазымды адам тәуекел бейіндеріндегі және тәуекел индикаторларындағы тәуекелді алдын алу және (немесе) азайту бойынша шараларды тәуекелдерді басқару жүйесі айқындаған төмендегі бір немесе бірнеше іс-қимылдарды орындау жолымен қабылдайды:
1) Кодекстің 78–бабына сәйкес СЭҚ ТН бойынша тауарлардың дұрыс жіктелуіне бақылау;
2) тауарлардың шығарылған елінің дұрыс айқындалуын бақылау және тарифтік преференцияларды ұсыну.
Уәкілетті лауазымды адам осы Қағиданың 17–тармағының 4) тармақшасында көзделген іс-қимылдарды жүзеге асырады;
3) Декларациялау, тауарлардың кедендік құнын бақылау және түзету тәртібіне сәйкес кедендік құнды бақылау;
4) кедендік сараптаманы тағайындау.
Кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімді уәкілетті лауазымды адам «Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысының және кеден органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 392 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6387 болып тіркелген) айқындалған нысан бойынша қабылдайды және осы Қағидаға 2–қосымшасына сәйкес кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімдерді есепке алу журналында тіркейді.
Кедендік сараптаманы тағайындау кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерінің іріктеуін жүзеге асыру мақсатында уәкілетті лауазымды адам декларантты немесе кедендік сараптаманы тағайындау туралы тауарларға қатысты өкілеттігіне ие өзге адамды жазбаша хабарлайды, сондай-ақ кеден бекетінің басшысына не оны алмастыратын адамға қызметтік жазбаны жолдайды. Кеден бекетінің басшысы тауарлардың сынамалары мен үлгілерінің іріктеуін жүргізуді тексеріп қарау тобының лауазымды адамына тапсырады.
Тауарлардың сынамалары мен үлгілерінің іріктеуі Кодекстің 234–бабына сәйкес жүргізіледі.
Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу нәтижелері бойынша «Кедендік құжаттардың нысандары туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешімімен (бұдан әрі – Кедендік құжаттардың нысандары туралы шешімі) белгіленген нысан бойынша үш данада актіні жасайды:
актінің бірінші данасы кеден бекетінде қалады;
екінші данасы тауарлардың іріктелген сынамалары мен үлгілерімен бірге кедендік сараптаманы жүргізуге уәкілетті ұйымға жолданады;
үшінші данасы декларантқа, немесе тауарларға қатысты өкілеттікке ие өзге адамға табыс етуге (жолдауға) жатады.
Кедендік сараптаманың нәтижелері бойынша Кодекстің 232–бабына сәйкес кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы беріледі.
5) мәлімделген тауарлар туралы мәліметтер зияткерлік меншік объектілердің кедендік тізіліміндегі және Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілердің бірыңғай кедендік тізіліміндегі мәліметтерге, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарына зияткерлік меншік құқықтарының бұзушылығы бар тауарларды анықтауға мүмкіндік беретін тауарлар туралы құқық иелердің қосымша мәліметтеріне сәйкестігін тексеру.
Зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарын қорғау бойынша шараларды уәкілетті лауазымды адам Кодекстің 53–тарауына сәйкес қабылдайды;
6) тауарлардың кедендік тексеріп қарауын (қарап тексеруін) жүргізу.
26. Тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылауды жүргізу кезінде іске қосылған тәуекел бейіндері болмаған жағдайда уәкілетті лауазымды адам тауарларды кедендік тазарту кезінде осы Қағиданың 2–тарауының 2–параграфымен айқындалған құжаттамалық бақылауды жүргізумен шектеледі.
Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу мақсаты үшін уәкілетті лауазымды адам төлеушінің жеке шотында ақшаның болуына тексеруді жүргізеді.
27. Құжаттамалық бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылаудың бұзушылықтары болмаған кезде уәкілетті лауазымды адам осы Қағиданың 2-тарауының 5-параграфына сәйкес тауарларды шығару туралы шешімді қабылдайды.
4-параграф. Тауарлардың кедендік тексеріп қарауын (қарап тексеруін) жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамнының іс-қимылы
28. Кедендік тексеріп қарау тауарлар орамдарының немесе көлік құралының жүк тиелетін жайларының не ыдыстардың, контейнерлердің және тауарлар орналасқан немесе орналасуы мүмкін өзге орындарды ашуымен, оларға салынған кедендік сынамаларын немесе сәйкестендірудің өзге құралдарын бұзумен, зерттелетін объектілердің және олардың бөліктерінің тұтастығын бөлшектеумен, демонтаждаумен немесе бұзушылықпен байланысты кеден бекетінің лауазымды адамының (лауазымды адамдардың) іс-қимылы болып табылады.
Кедендік декларациялаудың көлеміне және штат санына байланысты мемлекеттік кірістер органы басшысының шешімі бойынша кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) және лауазымды (функционалдық) міндеттеріне сәйкес кедендік сараптаманы тағайындау кезінде сынамалар мен үлгілердің іріктеуін жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды адамы айқындалады, не олардың лауазымды адамдары кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) және кедендік сараптаманы тағайындау кезінде (бұдан әрі – тексеріп қарау тобы) сынамалар мен үлгілердің іріктеуін жүзеге асыратын мамандандырылған бөлімше құрылады.
Тауарларды кедендік тазарту кезінде тауарлардың кедендік тексеріп қарауын (қарап тексеруін) тексеріп қарау тобының лауазымды адамы жүргізеді.
Тауарлардың кедендік тексеріп қарауын (қарап тексеруін) жүргізу және шығару мерзімін ұзарту туралы шешімді кеден бекетінің басшысы не уәкілетті лауазымды адамның қызметтік жазбасы негізінде оны алмастыратын адам қабылдайды.
Кеден бекетінің басшысы не оны алмастыратын адам кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізуді тексеріп қарау тобының лауазымды адамына тапсырады.
Тексеріп қарау тобының лауазымды адамы декларантты немесе тауарларға қатысты өкілеттігіне ие өзге адамды декларант немесе тауарларға қатысты өкілеттігіне ие өзге адам жүргізетін кедендік тексеріп қараудың (қарап тексерудің) орны мен уақыты туралы хабарлайды.
Тауарларды шығару мерзімі тауарлардың кедендік тексеріп қарауы (қарап тексеруі) аяқталғанға дейін ұзартылады және Кодекстің 297-бабымен белгіленген мерзімнің шегінен аспауы тиіс.
Уәкілетті лауазымды адамның және тексеріп қарау тобының лауазымды адамының тауарларды шығару мерзімін сақтауы үшін бақылауды кеден бекетінің басшысы жүзеге асырады.
Кедендік тексеріп қараудың (қарап тексерудің) нәтижелері бойынша тексеріп қарау тобының лауазымды адамы Кедендік құжаттардың нысандары туралы шешімімен белгіленген нысан бойынша екі данада кедендік тексеріп қараудың (қарап тексерудің) актісін жасайды, оған қол қояды және осы Қағидаларға 3-қосымшасымен көзделген нысан бойынша кедендік тексеріп қараудың (қарап тексерудің) актілерін тіркеу журналында тіркейді.
Кедендік тексеріп қараудың (қарап тексерудің) актісінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізетін лауазымды адамдар және оны өткізу кезінде қатысқан адамдар туралы;
2) декларанттың немесе тауарларға қатысты өкілеттігіне ие өзге адам болмағанда кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу себептері;
3) кедендік тексеріп қараудың (қарап тексерудің) нәтижелері;
4) Кедендік құжаттардың нысандары туралы шешімімен көзделген өзге мәліметтерді.
Кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізуде құқық қорғау және (немесе) өзге мемлекеттік органдардың және (немесе) қоғамдық ұйымдардың лауазымды адамдары қатысқан кезде кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) актісінде кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізуге қатысқан адамдар туралы мәліметтер, және оны өткізудің мән-жайлары көрсетіледі, сондай-ақ тексеріп қарау тобының лауазымды адамдары мұндай актінің көшірмесін көрсетілген адамдарға танысу үшін қол қоюмен табыс етеді. Кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізуге қатысқан құқық қорғау және (немесе) өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) актінің көшірмесін алудан бас тартқан жағдайда, кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) актіде тексеріп қарау тобының лауазымды адамдарының қолымен және жеке нөмірлік мөрінің бедерлерімен куәландырылатын тиісті жазба жасалады.
Кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) актінің бірінші данасын тексеріп қарау тобының лауазымды адамы тауарларды шығару үшін жауапты уәкілетті лауазымды адамға табыс етеді.
Кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) актінің екінші данасын бұзушылық анықталған жағдайда және оның талабы бойынша декларантқа немесе тауарларға қатысты өкілеттігіне ие өзге адамға табыс етіледі (жолданады).
Кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) кезінде әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайда тексеріп қарау тобының лауазымды адамы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес шаралар қабылдайды. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың белгілері бар бұзушылықтар анықталған кезде мұндай бұзушылықтар туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органының жедел-тергеу бөлімшесіне (экономикалық тергеу қызметі) беру бойынша шаралар қабылданады.
5-параграф. Уәкілетті лауазымды адамның тауарларды шығару, шығаруды тоқтата тұру не шығарудан бас тарту туралы шешімді қабылдау кезіндегі іс — қимылы
29. Осы Қағидалардың 2-тарауының 1, 2, 3–параграфтарымен көзделген іс-қимылдарды жүргізгеннен кейін, сондай-ақ құжаттамалық бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша бұзушылықтар болмаған кезде уәкілетті лауазымды адам Кодекстің 296-бабына сәйкес тауарлардың шығаруын жүзеге асырады.
30. Тауарлардың шығарылуын Кодекстің 297–бабымен белгіленген мерзімде уәкілетті лауазымды адам жүзеге асырады.
Бұл ретте, жекелеген кедендік рәсімдерге қатысты, сондай-ақ кедендік декларациялаудың ерекшелігін және тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылаудың нысандарын қолдануға байланысты, тауарлардың шығарылуын уәкілетті лауазымды адамы мынадай мерзімде жүргізеді:
1) тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырған кезде:
тауарлардың 1–ден 10–ға дейінгі атауын декларациялау кезінде ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының алты сағатынан кешіктірмей;
тауарлардың 11–ден 50–ге дейінгі атауын декларациялау кезінде ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының он сағатынан кешіктірмей;
тауарлардың 51–ден және одан жоғары атауын декларациялау кезінде ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының он екі сағатынан кешіктірмей;
тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылауды жүргізген кезде – ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының он алты сағатынан кешіктірмей;
2) тауарларды экспорт, уақытша шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде:
ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының екі сағатынан кешіктірмей;
тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылауды жүргізген кезде – ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының төрт сағатынан кешіктірмей;
3) тауарларды алдын ала кедендік декларациялау кезінде:
ТД тіркеген аумақтық мемлекеттік кірістер органына ұсыну сәтінен бастап жұмыс уақытының екі сағатынан кешіктірмей;
тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылауды жүргізген кезде – ТД тіркеген уәкілетті лауазымды адамға тауарларды ұсыну сәтінен бастап жұмыс уақытының он алты сағатынан кешіктірмей;
4) тауарларды толық кедендік декларацияламау кезінде:
толық емес ТД-ны тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының төрт сағатынан кешіктірмей. Көрсетілген мерзім олардың сандық және сапалық сипаттамаларының жиынтығы бойынша тауарлардың сәйкестендіруін жүргізу үшін қажетті уақытты қосады;
толық ТД-ны тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының екі сағатынан кешіктірмей;
5) тауарларды мерзімдік кедендік декларациялау кезінде:
мерзімдік ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының екі сағатынан кешіктірмей;
тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылауды жүргізген кезде – мерзімдік ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының төрт сағатынан кешіктірмей;
толық ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының екі сағатынан кешіктірмей;
6) тауарларды уақытша кедендік декларациялау кезінде:
уақытша/толық ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының төрт сағатынан кешіктірмей;
тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылауды жүргізген кезде – уақытша ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының сегіз сағатынан кешіктірмей;
7) белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілген жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды кедендік декларациялау кезінде:
жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлар құрамдастарының әрбір жеке жеткізілуіне арналған ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының екі сағатынан кешіктірмей;
тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланумен кедендік бақылауды жүргізген кезде – жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлар құрамдастарының әрбір жеке жеткізілуіне арналған ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының сегіз сағатынан кешіктірмей;
толық ТД тіркеу сәтінен бастап жұмыс уақытының екі сағатынан кешіктірмей.
31. Олар бойынша шығару мерзімі кедендік бақылау нысанын жүргізу немесе аяқтау үшін қажетті уақытқа ұзартылған тауарлардың шығаруын уәкілетті лауазымды адам мынадай мерзімдерде жүргізеді:
Кодекстің 78–бабының 9–тармағына сәйкес қосымша құжаттарға сұрау салу және декларант Кодекстің 297–бабымен белгіленген мерзімде сұрау салған қосымша құжаттарды ұсынбаған кезде – кеден органдары оларға тыйым салулар мен шектеулер қолданылуы мүмкін және декларант олардың сақталуын растайтын дәлелдемелерді ұсынбаған тауарларды қоспағанда, тауарларды жіктеу бойынша шешімді қабылдау нәтижесі бойынша қосымша есептелуі мүмкін сома бойынша санаған кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынғаннан кейін дереу;
Кодекстің 112–бабына сәйкес қосымша тексеру жүргізген кезде – оларға тыйым салулар мен шектеулер қолданылуы мүмкін және декларант олардың сақталуын растайтын дәлелдемелерді ұсынбаған тауарларды қоспағанда, қосымша есептелуі мүмкін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің ұсынуын растайтын құжаттарды алғаннан кейін дереу;
тауарларға кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) жүргізген кезде – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды алу және тыйым салу жағдайларын қоспағанда, оның аяқталуына қарай;
тауарлардың сынамалары мен үлгілерін, егжей-тегжейлі техникалық құжаттаманы зерттеу немесе ТД-да немесе өзге құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру мақсатымен сараптама жүргізу қажеттілігі кезінде – оларға тыйым салулар мен шектеулер қолданылуы мүмкін және декларант олардың сақталуын растайтын дәлелдемелерді ұсынбаған тауарларды қоспағанда, қосымша есептелуі мүмкін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуін ұсынғаннан кейін дереу.
32. Кодекстің 440, 441-баптарына сәйкес тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешімді тек зияткерлік меншік объектілері бар тауарлар бойынша ғана мемлекеттік кірістер органы қабылдайды.
Уәкілетті лауазымды адам тауарларды тоқтата тұру немесе шығару туралы шешімді қабылдаған кезде мынадай әрекеттерді орындайды:
Ол бойынша шығаруды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған тауарларға қатысты ТД-дағы 3-нөмірімен «С» бағанында мұндай тоқтата тұру туралы мәлімет көрсетіледі. Оларды бір ТД-мен декларациялаған жағдайда, қалған тауарларды шығару Кодекске және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте, ТД-ның негізгі парағында уәкілетті лауазымды адамның қолымен және оның жеке нөмірлік мөр бедерімен куәландырылатын «№ ____ тауарларды қоспағанда» деген жазбамен «Шығаруға рұқсат берілді» деген мөртабаны қойылады. Көрсетілген мәліметтер ТД электрондық көшірмесіне «Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген Жіктеуіш шешіміне сәйкес қабылданған шешімнің кодын қоя отырып, енгізіледі.
33. Тауарларды шығару туралы шешім қабылданғаннан кейін уәкілетті лауазымды адам оның ТД данасын береді.
34. Тауарларды шартты түрде шығару туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті лауазымды адам ТД-ның тіркеу нөмірі туралы ақпаратты тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік кірістер органының уәкілетті бөлімшесіне береді.
35. Кодекстің 296–бабында көрсетілген тауарларды шығару шарттарын сақтамаған кезде уәкілетті лауазымды адам Кодекстің 297–бабымен белгіленген тауарларды шығарудың шекті мерзімінің өтуінен кешіктірмей Тауарларға арналған декларацияны тіркеу, тіркеуден бас тарту және тауарларды шығарудан бас тартуды ресімдеу тәртібіне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартады.
Уәкілетті лауазымды адам мынадай жағдайларда да тауарларды шығарудан бас тартады:
егер тауарларға қатысты Кодекстің 297–бабының 1–тармағымен белгіленген тауарларды шығару мерзімінің өтуінен кешіктірмей кедендік баждар, салықтар төленбесе не Кодекске сәйкес олардың төленуін қамтамасыз ету ұсынылмаса;
егер мерзімдік кедендік декларациялау кезінде әкелінетін тауарлар мемлекеттік кірістер органына ұсынылмаса;
егер мерзімдік кедендік декларациялау кезінде әкелуге жататын тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына Кодекстің 293–бабымен белгіленген мерзім ішінде әкелінбесе.
36. Тауарларды шығару, шығаруды тоқтата тұру не шығарудан бас тарту туралы шешімді уәкілетті лауазымды адам ТД толтыру жөніндегі нұсқаулықта белгіленген тәртіпте мөртабан қою мен ТД «С» және «D» бағандарына тиісті жазбаларды енгізу жолымен, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесіне тиісті мәліметтерді енгізу жолымен қабылдайды.
37. Егер ТД-да мәлімделген жеке тауарларға қатысты тауарларды шығару үшін шарттар сақталмаған жағдайда, уәкілетті лауазымды адам мұндай тауарларды шығарудан бас тартады.
Бұл ретте уәкілетті лауазымды адам көрсетілген тауарлар туралы мәліметтер мәлімделген ТД негі
Пікір қалдыру