USD 527
EUR 552
RUB 5
USD 527
EUR 552
RUB 5
Еңбек министрлігі "кедейлік шегінің мөлшерін анықтау туралы" бұйрық дайындады
Құжат Қазақстан бойынша кедейлік шегін келесідей анықтайды:
2023 жылы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген тоқсанға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген тоқсанға есептелген медианалық табыстың 50% мөлшерінде.
СІМ: Қазақстан Стратегиялық шабуылдаушы қаруларды қысқарту жөніндегі жаңа шарттың талқысын ұсынады
Министр Мұхтар Тілеуберді 2026 жылдан кейін Стратегиялық шабуылдаушы қаруларды қысқарту жөніндегі жаңа келісім туралы мәселені талқылау қажеттігін айтты. Ол соңғы жыл әлем үшін қауіптірек бола бастағанын атап өтті.
Алматыда екі күннен бері жаңа туған нәрестесін тастап кеткен ана іздестірілуде
Тұрғындардың бірі өзен бойынан целлофанға оралған сәбидің денесін тауып алған. Шақалақтың кіндігі де кесілмеген. Полиция бұған қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. Қазір сәбидің анасы іздестіріліп жатыр.
Әлем жаңалықтары
АҚШ-тағы төтенше жағдай режимі тағы бір жылға ұзарды
АҚШ президенті Джо Байден Украинадағы қақтығысқа байланысты АҚШ-тағы төтенше жағдай режимін бір жылға ұзартты. ТЖ режимін Америка Құрама Штаттарының билігі Ресей Федерациясына қарсы санкциялар қолданудың заңды негізі ретінде пайдаланады.
Пікір қалдыру