Сауалнама: ОДКБ шарттары Қазақ елін соғысқа қатысуға мәжбүрлеуі мүмкін бе?

/image/2023/03/13/crop-36_7_1055x1876_f52776baa35c0f234108232a59ed0b24.jpg

1-ші қаңтарда ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен Иманғали Тасмамбетов осы уақытқа дейін бірқатар маңызды кездесулер өткізіп үлгерді.

Атап айтқанда, Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен, Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгумен және осы елдің Индустрия және сауда министрі Денис Мантуровпен жүздесіп, ұйымның (ОДКБ) жұмысын талқылады.

Естеріңізге сала кетейін, ҰҚШҰ-ның құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан Республикалары мен Ресей Федерациясы кіреді. Ұйымның негізгі жауапкершілігі – оған қатысушы елдердің аумақтық қауіпсіздігі.

«Егер кімде-кім Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс біздің қақтығыс емес, тыныш қана дауылдың бітуін күтеміз деп ойласа, олар қателеседі. Уақыт келіп, позицияны нақты айқындайтын сәт туады», – деді Лукашенко Тасмағамбетовпен кездесуде.

Ал Шойгу ҰҚШҰ аясында өтетін ірі әскери жаттығулар жөнінде сөз қозғаса, Мантуров қару-жарақ пен әскери техниканы бірлесіп әзірлеу және өндіру жөнінде ОДКБ-ға мүше мемлекеттердің кәсіпорындары арасында көпжақты кооперация құру қажеттігін айтты.

Сарапшылардың айтуынша қазіргідей соғыс жүріп жатқанда агрессор елмен бірге әскери жаттығу өткізіп, бірлесіп әскери техниканы өндіру, біздің елге абырой әкелмейді. 

Ал сіздің көзқарасыңыз қандай? ОДКБ шарттары Қазақ елін соғысқа қатысуға мәжбүрлеуі мүмкін бе?

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар