1 наурызда Республикалық Достық Үйінің залында Алғыс айту күніне арналған конференция өтті. Аталған іс-шараны ұйғыр этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесінің төрағасы Абабахриева Роза Исмаиловнаның басшылығымен Алматы қаласының сегіз ауданының әйелдер кеңесінің төрағалары ұйымдастырды. Конференцияға еңбек сіңірген мұғалімдер, дәрігерлер, әртістер, профессорлар, журналистер, ұлттық орталықтардың басшылары және Алматы қаласы ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері шақырылды.
Конференцияны ұйғыр мәдени орталығының төрағасы Убулов Осман Тұрсынұлы ашты. Алматы қаласы САНК этносаралық қатынастар бөлімінің басшысы Балгимбаев Назаралбанұлы құттықтау сөз сөйлеп, ұйғыр мәдени орталығының белсенділеріне алғыс хаттар табыс етті. Конференция соңында іс-шараны ұйымдастырушылардан барлық қонақтарға естелік кәдесыйлар табысталды.
Пікір қалдыру