Павлодар облыстық мәслихаты Курчатов қаласын Абай облысының қарамағына беру туралы мәселені талқылады. Депутаттардың барлығы бұл ұсынысты қолдаған.
Ұсынысты Павлодар облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитов айтты. Ол Абай облысына Шығыс Қазақстан облысының сегіз ауданы мен Семейдің қосылғанын еске салды.
"Қаланың жалпы ауданы 11 гектарды құрайды. Курчатовтан түсетін салық облыстық бюджетке түспейді, қала бюджетінде қалады. Бұл шешім Павлодар мен Абай облыстарының шекарасын сәйкестендіреді", – деді Мұрат Хамитов.
Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан мақұлдады.
Пікір қалдыру