Шығыс Қазақстан облысын 9 жыл басқарған Даниал Ахметов қызметінен босатылды. Оның орнына Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды", – делінген Ақорданың хабарламасында.
Облыстың жаңа әкімі Ермек Көшербаев осыған дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі, 2019 жылы Сыртқы істер министрінің орынбасары, 2018 жылы СІМ жауапты хатшысы қызметін атқарған болатын.
Пікір қалдыру