Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты.
«Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі және 189-бөлігі 4-тармағы 2-тармағы бойынша құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», - деді судья Бағлан Ыдырысов.
А.Мұхамедиұлы былтыр 28 мамырда қамауға алынған болатын.
Пікір қалдыру