"13 млн теңге пара алған": Шымкентте әкімдіктің басқарма басшысы ұсталды

/image/2023/06/22/crop-114_48_988x1756_34809686_0_0_1920_1080_1920x0_80_0_0_0be81ba180a3e2f57c73b1f71aba60e1.jpg.webp

Шымкентте жолаушылар көлігі басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды.

Ол мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деп айыпталып жатыр.  Бұл туралы Антикордың Шымкенттегі департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин мәлімдеді. 

"Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп–тексеру жалғасуда, Қылмыстық–процестік кодекстің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге болмайды", – деді Дәурен Ерғарин.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар