ШҚО-дағы Шемонаиха қаласында жарылыс болды. Жарылыстан екі адам зардап шеккен. Тұрғындардың хабарлауынша, қалада "газгольдер" жарылған.
Төтенше жағдайлар минстрлігі жарылыс болғанын растады. Алайда қандай себептен болғанын мәлімдемеді.
"Жарылыс салдарынан жанармай құю бекетінде өрт шықты. 5 техника жанып кетті", – деп хабарлады ведомство.
Қазіргі уақытта күйік шалған 2 адам ауруханаға жеткізілді. Жалынды ауыздықтауға 5 өрт сөндіру көлігі мен 12 өрт сөндіруші жұмылдырылған.
Пікір қалдыру