Ақтауда мектеп есепшісі 76 млн теңге жымқырған

/image/2023/07/28/crop-51_12_633x1126_f5ef7d04-5531-4836-8260-9c2d9c52e34a.jpeg

Маңғыстау облысында облыс орталығының жалпы білім беретін мектептерінің бірінде 76 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жымқырылғаны анықталды.

Облыстық прокуратура мәліметінше, штаттық кесте мен банктік шоттарды салыстыру барысында 3 жыл бойы өзіне артық соманы есептеген мектептің бас бухгалтерінің тиісті және іс-жүзінде төленген жалақысының арасындағы айырмашылық анықталды.

"Аталған факті бойынша прокурорлармен қылмыстық іс қозғалып, тергеу ЭТД-не тапсырылды. Тергеу барысында аталған мектептің есепшісі кінәсін толықтай мойындады", – делінген хабарламада.

Сот үкімімен кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша 5 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар