Қаңтар оқиғасы: "Шал, кет!" деп айғайлаған Алматы тұрғыны сотталды

/image/2023/07/28/crop-33_7_572x1016_4bca1b83-14f9-4151-ae58-00cba6d9fa3a.jpeg

27 шілдеде Алматының №2 Бостандық аудандық соты Қаңтар оқиғасы кезінде "жаппай тәртіпсіздікке шақырды және қатысты" деген айыппен Әдідет Мусинді кінәлі деп танып, 9 айға бас бостандығынан айырды.

Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды.

38 жастағы Әділет Мусин бұған дейін өзіне тағылған айыптарды үзілді-кесілді жоққа шығарған.

Бұған дейін қорғаушылар тарабы соңғы сот отырыстарында "оны Қаңтар кезінде "Шал, кет!" деп айғайлағаны үшін ғана соттағысы келеді, ал мұны Қаңтар кезінде бүкіл елдің жартысы айтқан" деп мәлімдеген еді. Олар Мусиннің кінәсін дәлелдейтін айғақтар жоғын, сотта сөйлеген куәгерлердің ешқайсысы Мусиннің "заңсыз әрекетке барғанын" айтпағанын алға тартқан болатын.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар