Алматыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 1 адам қаза тапты. Өрт лифт шахтасындағы электр сымдарының тотығуынан болған.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, өрт 1 тамыз күні, кешкі сағат 19 шамасында, Ақкент шағын ауданындағы 16 қабатты тұрғын үйде басталған. Видеодан жоғарғы қабатта тұратын тұрғынның балаларын аман алып қалу үшін терезеден лақтырып жатқанын көруге болады.
Соңғы деректер бойынша, өрт салдарынан ауыр жарақат алған бір адам қайтыс болды. 43 адам ауруханаға жеткізілген, оның 26-сы балалар болса, екеуі жүкті әйелдер. Қазір кәмелетке толмаған 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр.
Пікір қалдыру