Дәрігерлер Қарағандыда уланған балалардың жағдайы туралы мәлімет берді. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты.
"Стационарлық ем алып жатқан балалардың жағдайы тұрақты. 1 тамызда түскен екі пациенттің біреуінің жағдайы орташа, екіншісінің жағдайы қанағаттанарлық. Екеуі де бөлімшеде" - деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Алайда алты бала әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. 31 шілдеде ауруханаға түскен басқа балалардың жағдайы жақсарып келеді. Екеуі үйлеріне жіберілсе, бес бала инфекциялық бөлімшеде ем алып жатыр.
Еске салайық, 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланып қалған болатын.
Пікір қалдыру