СҚО-да аудандық білім бөлімінің есепшісі марқұмдарға жалақы аудару арқылы ақша жымқырған

/image/2023/08/04/crop-61_26_608x1080_5b10b1e4-60da-47b2-83c2-0a2ad04199a3.jpeg

Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі білім беру саласында миллиондаған бюджет қаражаттың ұрланғанын анықтады. Бұл туралы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Сергей Перов  соңғы жылдары білім беру саласында 300-ден астам қылмыстық құқықбұзушылық жасалып, 143 адам сотталғанын айтты. Білім саласы жемқорлықтан алдыңғы үштікке кірген.

Оның айтуынша, жаппай жемқорлық жасау жүйелі проблемаға айналып отыр. Мысалы аудандық білім бөлімінің есепшісі марқұмдарға жалақы аударған. Ал балабақша есепшісі мемлекет қаржысын жеке шотына аударып алған. Келтірілген залал – 90 миллион теңге.

Әрбір факті бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тексеру жүргізеді. Қорытындысы бойынша тиісті құқықтық баға берілетін болады. Бүгінде жалпы сомасы 50 миллион теңгеден асатын ұрлық фактілері бойынша екі қылмыстық іс тіркелді, - деп атап өтті Сергей Перов.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар