Бүгін Курчатов қаласында ата-анасыныңқамқорлығынсыз қалған 18 балаға, 6 көпбалалыотбасыға, 40 толық емес отбасына және мүмкіндігішектеулі балаларды тәрбиелеп отырған жандарғажаңа пәтер кілті табысталды.
Жаңа пәтер иесінің арасында 78-жастағы Курчатов қаласының тұрғыны 6 бала тәрбиелеп отырған«Алтын алқа» иегері, көпбалалы ана БахтканМуликова да бар. Кейуана келе жатқан «қарттар күні» мерекесі қарсаңында баспаналы болды. Курчатов қаласының әкімі Болат Әбдіралиевтұрғындарды қонысымен құттықтап, қалада тұрғынүйлерді қалпына келтіру жұмыстары алдағы уақытта жалғасатынын жеткізді.
Бүгінде Олимпийская 35 және 37 көшелеріндегікөпқабатты тұрғын үйлердің иесімен алдын ала келісім жасалып, үйлерді келесі жылы қалпынакелтіру жұмыстары басталады. Сондай-ақ, Школьная 2 тұрғын үйін қалпына келтіру үшінжобалық-сметалық құжаттама әзірленген.
Пікір қалдыру