Каратэден Нұржан Әжіқанов Азия ойындарының чемпионы болды

/image/2023/10/05/crop-9_12_539x958_b3d0d955acbf2cd6a3417e08bdf4e37e72cbbeb7.jpg

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Нұрқанат Әжіқанов чемпион атанды. Қазақстандық каратэші 75 келіге дейінгі салмақта иорданиялық Хасан Масарвехпен алтын жүлдені сарапқа салды.

Нұрқанат қарсыласын 8:0 есебімен айқын басымдықпен ұтып, Қазақстан қоржынына сегізінші алтын медальді салды.

Нұрқанат Әжіқанов – каратэден Токио олимпиадасының қатысушысы, әлем чемпионатынының 2 мәрте қола жүлдегері. 

Бүгін, 5 қазанда Қазақстан үш алтын иеленді. Бұған дейін велоспорттан Евгений Федоров, джиу-джитсудан Нұржан Батырбеков Азия ойындарының чемпионы атанған. Қазір Қазақстан 8 алтын, 13 күміс, 37 қоламен 11-орыннан 10-орынға көтерілді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар