“Жемқор осы жерде отырған шығар”: Бақытжан Базарбек министрден 1 трлн теңгенің есебін сұрады

/image/2023/10/09/crop-16_8_269x478_img_9823.jpeg

Депутат Бақытжан Базарбек министрден денсаулық саласына бюджеттен бөлінген 1 трлн теңгенің есебін сұрады.

"Мәселен, 2023 жылы Астана қаласының прокуратурасы тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 2500 адам негізсіз қызмет алған, олардың арасында марқұмдар да бар. Іс жүзінде олар ауырмаған, тіпті кейбірі қайтыс болып кеткен. Кейбірі Астана қаласында тұрмайды. Алайда олар медициналық қызмет алып жүрген. Салдарынан бюджетке жүздеген млн теңге шығын келтірілген. Олар тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Қылмыстық іс қайда? Толығымен бюджеттің ақшасын сыпырып алған соң қылмыстық іс қозғайсыздар ма? Денсаулық сақтау саласына 2,5 трлн теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұған қатысты есеп берілді. Алайда осыған дейін министрлік 1 трлн теңгенің қайда кеткені туралы есеп берген жоқ. Қалтаға кетті ме? Кім біледі, жемқор осы жерде отырған шығар", деді депутат.

Еске салсақ, бүгін мәжілісте өтіп жатқан үкімет сағатында медициналық сақтандыру жүйесі мен денсаулық саласындағы бірқатар мәселелер талқыланып жатыр. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар