Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігінде Израиль аумағындағы азаматтар үшін шұғыл байланыс жедел желісі ашылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Айбек Смадияров хабарлады.
"Екі күн ішінде отандастарымыздан 500-ден астам қоңыраулар мен сұраулар түсіп, оларға жауап берілді. Бүгінгі таңда Қазақстанның Израильдегі елшілігіндегі консулдық есепте 77 азамат тіркелген. Олардың қатарында елшілік қызметкерлері мен отбасы бар. Израильдің жоғары оқу орындарында Қазақстаннан 5 студент оқиды. Сондай-ақ 30-ға жуық азамат жергілікті түрлі медициналық мекемелерде тағылымдамадан өтуде. Бәрі - 112 адам, - деді ол.
Министрліктің дерегінше қазір Газа қаласында 25-ке жуық отбасы бар. Олардың көбі палестиналыққа тұрмысқа шыққан азаматтар. Қазір олар қауіпсіз жер іздеп жатыр.
Еске салсақ, 7 қазанда ХАМАС қозғалысының Израиль аумағын зымыран атқылауынан соң қақтығыс басталған болатын.
Пікір қалдыру