Атакәсіпті ардақ тұтқан азамат

/uploads/thumbnail/20170708200537160_small.jpg

Мал шаруашылығымен айналысып, төрт түліктің бабын жасау – қазақтың ата кәсібі. Бір кездері бәріміз бұл кәсіптен сырт айналғандай болғанбыз.

Бірақ қазақ барда мал өнімдеріне сұраныстың қашанда жоғары болатынын  қазір біразымыз түсіндік. Қуанарлығы, кейінгі жылдары атакәсіпке қарай мойын бұрғандардың қатары артып келеді. Ал Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының тумасы Майдан Сағынқұмаров қырық жылдан астам уақыттан бері  мал шаруашылығымен айналысып, бұл саланың қыр-сырына әбден қаныққан. Тіпті мол тәжірибе жинақтаған. Жақында өзінің 60 жылдық торқалы тойын бала-шағасымен, туған-туыс, дос-жарандарымен атап өткен Мәкең алдағы уақытта да бұл саладан қол үзбек емес, қайта  кәсібін бұрынғыдан да жандандырып, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев үнемі айтатын саланы әртараптандыруға мейлінше ден қойған. Қазіргі таңда «Сағынқұмаров» шаруа қожалығында 30-дан астам адам еңбек етеді. Олардың қарауында 1250 ірі қара, 570 жылқы, 320 ешкі бар.

– Мамандығым – мал зоотехнигі. Ке­зін­де осы оқуды оқып, саланы кәсіби тұр­ғыда игеруім бүгінде шаруашылық ісін нә­тижелі жүргізуіме үлкен септігін тигізіп отыр, – дейді Майдан ағамыз. – 1996 жы­лы отбасымызбен ақылдаса отырып осы шаруашылықты құруға бел байладық. Ке­лер жылы шаруашылығымыздың құ­рыл­ғанына 20 жылдық мерейтойымыз болады. Осы уақыт аралығында біраз қиын­дықты еңсеріп, бүгінде шаруаны бір­шама жолға қойдық деп ауыз толтырып айтуға әбден болады. Шаруашылықтың не­гізгі бағыты ет және сүт, сонымен қоса жыл­­қы да өсіреміз. Болашақта сүт өңдеу ша­ғ­ын зауытын тұрғызу ойда бар. Асыл- тұ­­қымды сауын сиырлардың басын кө­бейту қолға алынуда.Ол үшін шаруашы­лық­қа қосымша жер және Үкіметтен жеңіл­детілген несие керек. Үкіметтің қам­қорлығынсыз шаруашылық үлкен же­­тістікке қол жеткізбес еді. Бүгінде шаруа­шылық жақсы дамып келеді. Үкі­мет­тен қосымша субсидия беріледі. Мал­шы­лардың қысқа әзірлігі жақсы. Қысқы мал азығы жиналған. Олардың қыстағы да қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа сақадай сай. Өткен жылы мемлекеттік «Ырыс» бағдарламасы бойынша жеңіл­де­тілген несие алдық. Несиелеу шарты бо­йын­­ша несиегердің өз аналық ірі қара ма­лы болуға тиіс. Бұдан басқа шаруа­шы­лық­та ветеринарлық-санитарлық жа­ғы­нан бәрі де ойдағыдай болуы керек. Несие құра­лына асылтұқымды 100 сауын сиыр са­тып алынды. Техника мен басқа да қа­жет­­ті құрал-саймандар біршама жаңар­тыл­­ды.
Трактор, салқындатқыш-танк, сиыр сауа­тын құрылғы мәселесі де осы қара­жат­тың арқасында шешілді. Сиыр және бұ­зау­ларға арналған қыстық қора соғыл­ды. 

Мәкеңнің Құдай қосқан қосағы Гүлназ Нияз­бекқызының мамандығы есепші. Үйде бір есепші болса, бұдан отбасының ұта­ры көп екен. Шаруашылықтың кіріс-шы­ғысын үнемі шотқа салып, мұқият есеп­теп отыруының арқасында тапқан та­быс орнымен жұмсалып, жылдан-жыл­ға еселеніп келеді. Бір сөзбен айтқанда, Гүл­наз жеңгеміз отбасының ұйытқысы болу­­мен қатар, шаруашылықтағы істің де бере­кесін кіргізіп отыр. Ол – Ұлан ау­да­нын­дағы «Айыртау несие» серіктестігінің тө­­райымы, білікті қаржыгер. Шаруа­шы­лық­тың ысы­рап­сыз, өте тиянақты, жұ­мыс­шы­лар­дың тәртіппен, жоғары деңгейде жұ­мыс істеуін қалайды. 
Марат Сағынқұмарұлы өз жұмыс­шы­ларының әлеуметтік жағдайына көп көңіл бөледі. Еңбек адамдарының жалақысын уа­қытылы береді. Малшылардың тамағы, жатын орны, көмір, отын-суы тегін. Пәтер­лерінің, электр жарығының төлемақысын өзі төлеп көмектеседі. Бүгінде әрбір мал­шы­ның үйінің ауласында жеңіл шетелдік ав­токөлік бар. «Несие алып, тіршілігімді тү­зеймін» деген еңбеккерлерге шаруа­шы­лық бас­шысы өзі кепілдік береді. Қазіргі таң­да бұл шаруашылықта еңбек етіп жүр­ген жан­дардың жағдайы жоғары дең­гейде де­сек те болады. Әрине, өз еңбегінің бей­­неті­мен қоса үлкен зейнетін көріп отырған шаруа­шылық басшысының тұрмысы да жақсы, бүгінгі заманға сай. Бәріде еселі ең­бекпен, маңдай термен келген дүниелер. Шаруа­шылық күннен-күнге, жылдан-жыл­ға көркейіп, өсіп келеді. Биылғы қаз-қатар салынған 7 тұрғын үй, 4 қора, бір мал соя­тын, бір фер­ма, бәрі де заман талабына сай тұр­ғы­зылған. Алда әлі 3 қора, 2 үй тұрғызу жос­­пар­да бар. Шаруашылық басшысы жа­қын­­да құрбандық шалып, айт мейрамы күндері мал етін жұмысшыларға таратып бер­ді. Май­дан аға «Әкем бала кезімде «Қа­ра­пайым бол, Жер Анаға маңдай теріңді төгіп, еңбек ет» дегенді жиі айтатын. Сол қа­ғиданы әлі де есте сақтап, өзімнің ұста­ны­мым санай­мын» дейді. Ол еңбек түбі әр­қашан да зей­нет екенін түсінеді.
Мәкең зайыбы Гүлназ екеуі алты бала тәр­биелеп, өсіріп, бүгінде немере сүйіп отыр. Балаларының бәрі де жоғары білім алып, әр салада еңбекке араласа бастады. 
«Сағынқұмаров» шаруа қожалығы қыз­меткерлері жылдан-жылға еңбек өнімді­лі­гін арттырып келеді. Олар ауданның әлеу­мет­­тік-экономикалық дамуына да сүбелі үлес қосуда. Аблакет ауылдық округіне үне­мі де­меушілік көрсетіп, түрлі шара­лар­дың өт­кізілуіне мұрындық болып жүр. 
Шаруашылықта еңбек өнімділігінің ар­туына бірден-бір себеп – қызметкер­лер­дің алаңсыз жұмыс жасауына барынша жағдай жасалғандығы. Жалақы үнемі уа­қытылы төленеді. Жыл сайын жалақы ша­мамен 20 пайыз көтеріліп отыр. Бұл қыз­меткерлердің өз жұмысына деген ын­тасын арт­тырары сөзсіз. 
Шаруашылықтың ауыл шаруашылығы техникасы мен автокөліктерге арналған өз пар­кі бар. Бүгінде МТЗ-80, ЮМЗ-6, Т-2512, ДТ-25, Беларус-82.1, УАЗ, КамАЗ сын­ды техникалары жұмыстың тоқтаусыз жүр­гізілуіне әрқашан сақадай сай тұрады. Осын­шама техниканы үнемі майлап-сай­лап, ақауын жөндеп, бабында ұстау да на­зар­дан тыс қалмайды. 
Ал малға, оның өнімдеріне деген сұра­ныс жыл бойы толастаған емес. Шаруа­шы­лықтың мал өнімдері облыс орталығындағы «Шығыс таңы», «Жәрдем» сынды ірі сауда нүк­телеріне жеткізіледі. Бұл жергілікті тұ­тынушыларды табиғи таза өніммен қам­тамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Бүгінде тұ­тынушылар «Сағынқұмаров» шаруа қо­жалығының өнімдерімен жете таныс. Мұн­дай танымалдықтың өз өнімдерін өткізуде үл­кен көмегі барын олар әрқашан да сезі­ніп отырады. 

Дереккөз: Айқын-ақпарат

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар