Жұрт не десе о десін...

/image/2023/10/31/crop-5_389_805x1073_311158581_186094633903135_2715790537597508379_n-1.webp

Әр адамдардың өз өмірі, отбасы, жұмысы мен ортасы бар. Бәз-біреу бәрін қоса алып жүре алмайды. Ондай адам – сіз болуыңыз да мүмкін.

Бәлкім, бұған ынтаңыз бен өмірге деген құлшынысыңыздың аздығы кедергі шығар?

Кедейлік – айыптаудан басталады. Көпшілік өміріндегі сәтсіздіктері мен ақшадан қиналуына өз ортасын айыптауға дайын тұрады. Одан қалды, үкіметті кінәлайды.

Әрине, елдің саяси жүйесі мен экономикалық моделі кедейлікке себеп екенін жасыра алмаймыз.

Десек те, ең алдымен адам өзі үшін жауапты бола білуі керек. "Мен кедеймін, оған анау кінәлі, мынау кінәлі, Назарбаев кінәлі" десеңіз де, ештеңе өзгермейді.

Кедей адам қайтеді?

Көп ұйықтайды.

Уақытты созып жүре береді. Ертеңі бітпей.

Еріншектікке құмар.

Тіленшілік. Алдынан өткен, кішкене көмегі тиген адамнан дәмелене береді.

Тәуекелден қорқады. Құдай тәуекелшіл адамдарды жақсы көреді.

Кедей адам арзан дүние мен оңай келетін ақшаға құмар келеді. Ол бір бизнесті бастау үшін үлкен қаражат салудан қорқады. Тегін дүниенің құны болмайды, дегенді ұмытады, не білмейді. Ұлы экономистер "Әр нәрсенің ақысы бар, ол егер төленбесе, экономика мен адам энергетикасының теңгерімі бұзылады" дейді. Ал енді "тегін болса шегені жұт" деген қисық мағынадағы сөздер – адамның психологиясын бұзатын қате сөз.

Жұрттың сөзіне қарап өмір сүру де кедейліктің жолы. "Жұрт не дейді екен" деп өмір сүрмеңіз. Әр адамның өмірі – өзіне. Өсек – өте жаман әдеттердің бірі. Сізге де жұрттың өмірі қызық болмасын.

Абайқызы Анели

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар